- Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі

2010 жылы Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі ашылған болатын. Музей ұлтаралық рухани және мәдени орталық болып табылады. «Руханият» музейі Ақтөбе қаласының орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде орналысқан. «Руханият» музейі «Нұр Ғасыр» мешітінің 800 кв метрін алып жатыр.
Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінің негізгі пәнінің қызметі ғылыми ағартушылық, ғылыми-зерттеу, білім қызметтерінің іске асырылуы және діндер тарихының музей заттары мен музей коллекцияларын табу, жинақтау және осы діндердің алғашқы қайнар көздері арқылы яғни діни ғұрыптар мен діни адамдардың кітаптары мен заттарын зерттеу және көпшілікке жариялау болып табылады.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің татулығы мен келісімін қолдау, облыс тұрғындары барлық топтарының мәдени және рухани дамуын жоғарылату Кәсіпорын қызметінің мақсаты болып табылады. Қазіргі уақытта «Руханият» музейі, музейдің жобасы бойынша ақпарат жинаумен айналысуда.
Музей келушілерге ақпарат
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы 92 үй, орталық «Нұр Ғасыр» мешіті.
Аялдама: «Нұр Ғасыр» мешіті
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – Жұма 9:00 – 18:00
Үзіліс: 13:00-14:00
Демалыс күндері: сенбі- жексенбі
Байланыс телефондар:
Телфакс: 8 (7132) 77-43-39
8 (7132) 90-58-81
Электронды почтаның адресі: ruhaniyat.muzei.@mail.ru