- Ақтөбе облыстық өнер музейі

Ақтөбе облыстық көркем – сурет көрме залы 1981 жылы 2 шілде күні Мәдениет министрлігінің шешімі бойынша Қазақ ССР–і мәдениет министрлігі көркем – сурет көрмелері дирекциясының жиырмасыншы филиалы ретінде ашылды. Ең алғашқы рет көрме залы жұмысын «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты көрмемен бастады.
1997 жылдан бері көрме залы облыстық мәдениет басқармасына берілді.
2006 жылы Ақтөбе облысы әкімі шешімімен «Ақтөбе облыстық көркем сурет көрме залы» ММ-сі «Ақтөбе облыстық көркем-сурет және сәндік қолданбалы өнер музейі» ММ болып қайта құрылды.
Көрме залы қызметінің мақсаты, барлық жанрдағы көркем – сурет өнерін дамыту, қол-өнер шеберлері, суретшілердің дербес, жылжымалы, тұрақты көрмелерін ұйымдастыру, халық шығармашылығын насихаттау және музей құндылықтары мен обылыстағы тарихи мәдени мұраларды сақтау болып табылады.
«Ақтөбе облыстық өнер музейі» ММ
Директор: Габдрахманов Марат Рахметолаевич
Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 74.
Тел./факс: 8 /7132/ 55 47 53.