- Облыстық мәдениет басқармасы ішкі бақылау қызметінің 2013 жылға жүргізген бақылау іс-шаралар қорытындысы туралы ақпарат

Облыстық мәдениет басқармасы ішкі бақылау қызметінің
2013 жылға жүргізген бақылау іс-шаралар қорытындысы туралы ақпарат
Ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шаралар Жоспарына сәйкес 2013 жылы барлығы 11 тақырыптық бақылау шаралары жүргізілді, оның ішінде: 3 кітапханада – ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражаттын есепке алынуы мен жұмсалуы сұрағы бойынша; 4 қазыналық кәсіпорын мен 2 мекемеде – еңбекақы есептеудің, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізудің дұрыстығы тақырыбы бойынша; басқарманың өзінде - операциялық жоспардың іске асырылуын және мәдениет ұйымдары мүлігінің сақталуын бақылау.
Бақылау қорытындысы бойынша 5851,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджет қаражатын және мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану кезінде – 2589,0 мың теңге; бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде, тауар-материал құндылықтары мен ақшалай қаражаттың жетіспеуі – 1365,5 мың теңге; бюджеттік рәсімдерді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін орындаудың белгіленген мерзімдерін, тәртібін сақтамау- 1897,2 мың теңге.
Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін бақылау объектілеріне бұзушылықтарды жою, негізсіз пайдаланған сомаларды өтеу және қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Ұсынымдар жіберілді. Жолданған 10 Ұсынымнан 9 толығымен орындалды. Бақылау нәтижесі бойынша 504,9 мың теңге бюджетке өтелді, 45,4 мың теңге қалпына келтірілді. Тәртіптік жауапкершілікке 4 лауазымды тұлға тартылды.
Алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ішкі бақылау қызметімен нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру және қолдану жөнінде тұрақты жұмыс жүргізілуде.