- Байғанин ауданындағы музей

Мәдениет- адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттілікттері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық әрі рухани құндылықтардың жиынтығы. Қандай қиын кезеңдерде де ата-бабаларымыз рухани құндылықты сақтап қала білді, оны саф алтындай таза, таңғы шықтай мөлдір күйінде аманат етіп жеткізді. Осы бабаларымыздан қалған дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап, оның қыр-сырын жеткізіп, қазақ халқының төл өнерін, қымбат қазынасын болашақ ұрпаққа дәріптеу бүгінгі таңда басты бағытымызға айналып отыр.
Халыққа мәдени қызмет көрсету, олардың рухани талап-тілектерін әр уақытта қанағаттандырып отыру – әр кезеңде де мәдениет мекемелеріне жүктелген.
Жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырған еліміздің төл мәдениетін сақтап қалу, дамыту, байыту сияқты ұлы мұраттарымыз бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екендігі ақиқат.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бағыттарының бірі – ауылдағы мәдениет ошақтарын жөндеуден өткізу, табысы аз және жұмыссыздарды жұмыспен қамту. «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы елдiң әл-ауқатын жақсартуда тың серпiлiс әкелдi.
Аталмыш бағдарлама аясында Байғанин аудандық мәдениет үйі мен кітапхана, музей мекемелері де күрделі жөндеуден өтті.
1993 жылы пайдалануға берілген музейдің 2006 жылы шатыры ғана жаңаланған болатын.
Жөндеу жүрмегеніне 20 жылға жуықтаған ғимарат биылғы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына енгізіліп, республикадан 10 млн. теңге қаржы бөлінгені аудан халқы үшін үлкен қуанышты жағдай болды.
Осы мақсатта аудан орталығынан алты адам жұмысқа тартылды. Ғимарат күрделі жөндеуден кейін, кейбір экспозициялар жаңадан жасақталып, ақын-жазушылар бөліміне Б.Тәжібаев, Е.Дүйсенбай, С.Баймолдин, С.Бәйішев т.б. азаматтарымыздың тұтынған дүниелерінен заттай жәдігерлер қойылды.
Этнография бөліміндегі киіз үйге ою-өрнекпен сырылып киізден тігілген шай сандық қойылып, оны жасаған шебердің қолөнермен айналысу сәтті бейнеленген фото суреті ілінді. Кеңес үкіметі кезінде пайдаланған заттар фонар шамы, есепшілердің шоттары, ақша санайтын станоктар, спортшылар бөліміне қосымша бұрыш дайындалып, кубоктар мен кеңес үкіметі кезіндегі спортшыларымыздың құжаттары енгізіліп қойылды.
Аудан тұрғындары мен ауданға келген қонақтар «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша музейдің қайтадан жаңартылып, қазіргі заман талабына сай халыққа қызмет етіп отырғандығына дән ризашылықтарын білдіруде.
Күрделі жөндеуге дейін суреттер:
Күрделі жөндеуден кейін суреттер: