- Жиренқопа ауылдық клубы бойынша ақпарат

2013 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Қобда ауданының Жиренқопа ауылындағы клуб ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 42,0 млн теңге бөлінді. Конкурс жеңімпазы «Ақ-Наз Жаңа құрылыс» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын 39,1млн теңгеге жүргізді. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде 21 адам жұмыспен қамтылды. Жөндеу кезінде ғимараттың шатыры жөнделіп, ғимараттың іші және сыртын толық жаңартылды. Жаңадан пластик терезелер мен ағаш есіктер, өртке қарсы дабылқаққыш орнатылды. Жылыту жүйесі, ғимараттың қасбеті (фасад) жөнделді. Бүгінгі күні клубта 3 шығармашылық, 4 кіші қызметкер жұмыс жасайды. Мәдениет ошағында 300 адамға арналған көрермен залы, 9365 даналық кітап қоры бар ауылдық кітапхана, 2008 жылы жаңа үлгідегі модельді кітапхана болып қайта ашылды. Клубта би, домбыра, драма үйірмелері жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында конкурстар, демалыс кештері, жастарға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылады. Биылғы жылы кітапхананың материалдық базасын нығайтуға 857,0 мың теңге бөлінді, 2014 жылы клубтың материалдық базасын нығайтуға қаражат бөлу жоспарланды. Жергілікті бюджеттен қазандық салуға 17,6 млн. теңге бөлініп, мердігер «Актюбспецстроймонтаж» ЖШС от жағу ғимаратының құрылысын бастады.
Күрделі жөндеуге дейінгі:
Күрделі жөндеуден кейінгі: