Жаңалықтар

28.11.2014
- «Елінің жігері, қоғамның тірегі» атты тарихи-танымдық кешінің ақпараты

2014 жылы 27 қарашада С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінің қызметкерлері «Сымбат» жеке мектебінде «Елінің жігері, қоғамның тірегі» тақырыбында тарихи-танымдық кешін өткізді.
24.11.2014
- Дөң ауылдық кітапханасында «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» атағын беру рәсімінің анықтамасы.

2014 жылдың 21 қараша айында жаңа заман талабына сай ауыл кітапханасының жаңа технологиямен жабдықтау, интернет жүйесіне қосу, арнайы кітапханалық автоматтандырылған бағдарламамен, сұранысқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарына сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында Хромтау ауданына қарасты Дөң ауылдық кітапханасы модельді кітапхана болып ашылды.
24.11.2014
- Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 70 жылдық мерейтойы аясында өткізілген мәдени-шаралар

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының 70 жылдығына орай қараша айының 15-20 аралығында филармония шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен мәдени-шаралар апталығы өткізілді.
21.11.2014
- «Болашаққа жол салған ЕХРО- 2017» кітап көрмесінің АҚПАРАТЫ

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Болашаққа жол салған ЕХРО- 2017» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
21.11.2014
- 1 желтоқсан – ҚР І-ші Президент күні аясында «Наш Президент» кітабының тұсаукесері

20 қараша 2014 жылы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы1 желтоқсан – ҚР І-ші Президент күні аясында «Наш Президент» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді.
21.11.2014
- «Даланың сыршыл жүрегі», «Қаламының ұшында сөзі қалған...» атты әдеби сағаттың АҚПАРАТЫ

2014 жылдың 20 қараша күні сағат 15.00 –де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау» орталығының мүшелерімен бірлесіп «Даланың сыршыл жүрегі», «Қаламының ұшында сөзі қалған...»тақырыбында әдеби сағатөткізді.
21.11.2014
- «Қазақ–Қырғыз халқы мен АҚШ Үндістерінің үйлесімділігі» атты фото-көрмесінің хабарламасы

2014 жылдың 14 қараша күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының шет тіліндегі әдебиеттер бөлімшесінде «Қазақ–Қырғыз халқы мен АҚШ Үндістерінің үйлесімділігі» атты фото-көрмесі ұйымдастырылды.
21.11.2014
-ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылау

14 қарашада С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Президенттің биыл Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылады.
21.11.2014
- Темір ауданында өткен «Әжелер ән салады» хор ұжымдарының облыстық байқауы туралы АҚПАРАТ

2014 жылдың 20 қараша күні сағ: 11.00-де облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынығ қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы Үйі мен Темір аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет Үйінде «Әжелер ән салады» хор ұжымдарының облыстық байқауыөтті.
20.11.2014
- «Мәңгілік тау тұлға» атты әдеби сағаттың АҚПАРАТЫ

19 қараша күні сағат 11-00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында Т.Жармағамбетовтың «Отамалы» шығармасын насихаттау мақсатында №36 мектеп оқушылары арасында «Мәңгілік тау тұлға» атты әдеби сағат өткізді.
20.11.2014
- «Болашағы нұрлы Қазақстан» атты ақпараттық сағат

18 қараша күні сағат 11-00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты жолдауын жастар арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында «Болашағы нұрлы Қазақстан» атты ақпараттық сағат өткізді.
14.11.2014
- «Өнер өркенін өрлеткен, мәдениет бесігін тербеткен» атты кітап көрменің Ақпараты

2014 жылы 13 қарашада кітапхананың оқу залында Қазақстанның «Мәдениет қайраткері» Еркін Жолмырзаұлының 70 жасқа толуына орай «Өнер өркенін өрлеткен, мәдениет бесігін тербеткен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
11.11.2014
- Қызылорда облысының Ақтөбе облысындағы мәдениет күндері

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес Мәдениет және спорт министрлігінің бекітуімен өзара «облыс апталарының» кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айының 10-13 күндері аралығында Қызылорда облысының Ақтөбе облысындағы мәдениет күндері өтуде.
10.11.2014
- «Актобе- jazz-2014» облыстық джаз музыка фестивалі

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының залында облыстық джаз музыка «Актобе- jazz» фестивалі өтті.
10.11.2014
- Пригородный ауылында модельді кітапхана ашылды.

2014 жылғы қарашаның 7 жұлдызында «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ қарасты Пригородный ауылындағы №9 кітапхана Ақтөбе қаласы елді-мекендері бойынша үшінші модельді кітапхана болып ашылуына орай салтанатты жиын өтті.

Беттер