Жаңалықтар

05.04.2017
Кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

2017 жылдың 05 сәуірі күні облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
05.04.2017
Кітапхана директорларының кеңесі

2017 жылғы 5 сәуір күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында директорлар кеңесі болып өтті.
05.04.2017
Клуб қызметкерлерінің секциялық семинары

Бүгін облыстың мәдениет саласы қызметкерлерінің алқа жиыны аясында Қурайлы мәдениет Үйінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның қатысуымен аудандық, қалалық мәдениет Үйлерінің директорлары мен әдіскерлеріне арналған практикалық бағытта секция жұмысы өтті.
04.04.2017
Жақсылық Сұлтановтың кітабының тұсаукесері өтті

2017 жылғы 4 сәуір күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында белгілі мәдениеттанушы Жақсылық Сұлтановтың «Өнегелі тірлік - өмірлік үлгі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
04.04.2017
Ақпарат күні ұйымдастырылады

Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Н.Байғаниннің өмірі мен шығармашылығына арналған ақпарат күні өтеді.
31.03.2017
«Екі Езу» сатира труппасы мерекелік бағдарламасын ұсынады

Күлкі күні мерекесіне орай Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының «Екі езу» сатира труппасы 1 сәуір күні сағат 17.00-де және 19.00-де «Сатира-сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ұранмен өзінің кезекті мерекелік бағдарламасын ұсынбақ.
31.03.2017
Салауатты өмір салтын ұстану туралы пайдалы кеңестер берілді

31 наурыз күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Арасан Ақтөбе» ЖШС дәрігерлері қатысуымен «Салауатты өмір сүру – мақсатымыз!» атты акция өтті.
30.03.2017
Кітаптарды сыйға тартты

2017 жылғы 30 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау» орталығында «Жылы жүрек, аялы алақан» тәрбие сағатын өткізді.
30.03.2017
«Мерген Ару - 2017» республикалық чемпионаты ұйымдастырылды

2017 жылғы 29 наурызда облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі бірлесіп № 55 орта мектепте «Мерген Ару - 2017» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан 9-11 сынып қыздары арасында ҚР Чемпионатын ұйымдастырды.
29.03.2017
Журналистің 70 жылдығына орай кездесу кеші өтті

2017 жылғы 29 наурыз күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі, «Алтын қалам» жүлдегері, «Ойыл ағысы», «Мезгіл» кітаптарының авторы Аманқос Орынғалиұлының 70 жасқа толуына орай «Жұлдызы биік журналист» атты кездесу кеші өтті.
29.03.2017
Акциялар аясындағы кітап көрмелері

2017 жылдың 29 наурызы күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы», «Киелі Жем өңірінің төл перзенті» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.
29.03.2017
«Info-caravan» жобасы бастау алды

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігі бірлесе «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы және АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына байланысты наурыз-сәуір айларында қаладағы оқу орындарында және аудандарда «Info-caravan» жобасын жүзеге асырмақ.
29.03.2017
Музей ардагері В. Щукинді еске алу кеші өтеді

2017 жылғы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде суретші, экспозиционер, музей ісінің ардагері, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы В.Щукиннің туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өткізіледі.
29.03.2017
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ЭКСПО билеттерінің 3 санатын ұсынады

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап әр жолаушы және/немесе жолаушылар тобы белгіленген тәртіпте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) кассаларынан Қоғамның пойыздарымен кез келген бағытта жол жүру құжаты + ЭКСПО билеті қамтылған кешенді қызмет сатып алуына (қалауы бойынша) болады.
28.03.2017
Сөз өнерінің сайыпқыранымен кездесу

28 наурыз күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-сатирик Төрежан Мәндібайдың 80 жасқа толуына орай «Сөз өнерінің сайыпқыраны» атты кездесу кеші өтті.

Беттер