Жаңалықтар

31.05.2017
«Жазықсыз жапа шеккендер» атты құжаттық көрме

2017 жылғы 31 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында Алаш қозғалысының 100 жылдығына, саяси қуғын-сүргін еске алу күіне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты ғылыми – тәжірибелік конференция аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Жазықсыз жапа шеккендер» атты құжаттық көрме ұйымдастырылды.
31.05.2017
Тарихи-танымдық кітаптың тұсаукесері

30 мамыр күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби - қонақжайында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасына танымал белгілі ақын Жақсылық Айжанұлы мен өлкетанушы Шәріп Адаев бірлесіп шығарған «Дәуіт Асауұлы дәуірі» атты тарихи танымдық кітаптың тұсаукесері өтті.
31.05.2017
Темекіден бас тартуға шақырды

31 мамыр - Дүниежүзілік темекімен күрес күні. Осыған орай 2017 жылдың 31 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның» атты акция ұйымдастырды.
30.05.2017
«ТУҒАН ЖЕРІМ — НҰРЛЫ ЕЛІМ»: Ақтөбе қаласындағы Ойыл ауданының күндері

2017 жылғы 30 маусым мен 1 шілде аралығында облыс орталығында «Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында Ойыл ауданы күндері өтті.
30.05.2017
Открылась региональная выставка «Алтын қайық»

В областном музее искусств 30 мая состоялось открытие региональной выставки «Алтын қайық», где экспонировались работы художников Атырауской, Мангыстауской, Западно-Казахстанской и Актюбинской областей.
30.05.2017
Кітапханашылар өткізген еске алу сағаты

30 мамыр күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ – түрік лицейінің кітапханасында 31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алудың 80 жылдығы аясында «Тарих беттері...» атты еске алу сағатын өткізді.
30.05.2017
«Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тарих сағаты

2017 жылдың 30 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ақтөбе облысының 85 жылдығына және Саяси қуғын–сүргін оқиғасының 80 жылдығына орай баспасөз –конференциясы және «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тарих сағаты өтті.
29.05.2017
«Пусть всегда будет солнце» атты концерт болып өтті

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Саз» балалар студиясы 27 мамыр күні филармония залында маусымның жабылуына орай «Пусть всегда будет солнце» атты концерт өткізді.
29.05.2017
Филармониядағы мерекелік концерт

2017 жылғы 27 мамырда Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залында қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірі - «Ақтөбе хром қосындылары зауытының» құрылғанына 60 жыл толуына байланысты мерекелік шараға облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысты.
29.05.2017
«Балдәурен-2017» облыстық балалар шығармашылығы байқауының Гала-концерті

2017 жылғы 27 мамыр күні облыстық халық шығармашылығы үйі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының сахнасында Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған дәстүрлі «Балдәурен-2017» облыстық балалар шығармашылығы байқауының Гала-концертін ұйымдастырды.
29.05.2017
«Дәстүр» ұлттық-этнографиялық журналының директор-бас редакторы Қасымхан Бегмановпен кездесу

Елбасының «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» мақаласы аясында 26 мамыр күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ақтөбе облысына шығармашылық іссапармен келген ақын, Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан жазушылар және журналистер Одақтарының, Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының, Бас редакторлар клубының мүшесі және ҚР Жазушылар одағының басқарма мүшесі, «Дәстүр» ұлттық-этнографиялық журналының директор-бас редакторы Қасымхан Бегмановпен «Дәстүр: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында кездесу кеші өтті.
26.05.2017
Кэтрин Марсичекпен кездесу

25-26 мамыр күндері С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының шет тіліндегі әдебиеттер бөлімшесінде Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілі Кэтрин Марсичекпен кездесу өтті.
26.05.2017
Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған тарихи-танымдық конференция

2017 жылғы 26 мамыр күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ақтөбе облысының 85 жылдығына орай «Тамыры терең, тарихы кенен - Ақтөбе» атты тарихи - танымдық конференция өтті.
26.05.2017
Архив қорларында сақталған құжаттар көрмеге қойылды

2017 жылдың 26 мамырында С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Ақтөбе облысының 85 жылдығына орай «Қойнауы құт, жері бай,өркенді өңір-Ақтөбе» атты танымдық конференцияда Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қатысуымен құжаттық көрме өткізілді.
26.05.2017
«Ару қала – Ақтөбе!» ақпараттық сағатын өткізді

2017 жылғы 26 мамырда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасықала күні қарсаңында «Ару қала – Ақтөбе!» ақпараттық сағатын өткізді.

Беттер