Жаңалықтар

21.10.2013
- С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 18 қазан –Рухани келісім күніне орай өткізілген іс – шаралар хабарламасы

18 қазанда сағат 11-00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының оқу залында Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім - халықтар бірлігіне бастар жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
21.10.2013
- «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы» құқықтық турнирі

18 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында құқытық тәрбие беру мақсатында «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы» құқықтық турнирі өткізілді.
21.10.2013
- «Абайды оқы, таңырқа!» атты Абай оқулары

2013 жылдың 17 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абайды оқы, таңырқа!» атты Абай оқулары өтті.
17.10.2013
- Балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың 90 жас мерейтойына «Балалар жанына жақын ақын» атты поэзия сағаты

2013 жылы 16 қазан күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың 90 жас мерейтойына «Балалар жанына жақын ақын» атты поэзия сағаты өткізілді.
17.10.2013
- «Кітап құдіретін танытанын орталық» атты шығармашылық лабораториясын бойынша а қ п а р а т

2013 жылдың 16 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе мектеп кітапханашылары арасында «Кітап құдіретін танытанын орталық» атты шығармашылық лабораториясын ұйымдастырды.
16.10.2013
- «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының «Ұрпаққа – ұлттық тәрбие» атты шара

11 қазан күні Әлемдік деңгейде мәртебесі биік діни мереке саналатын Құрбан айт мейрамы қарсаңында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «Шаңырақ» отбасылық оқу клубы мүшелері арасында «Ұрпаққа – ұлттық тәрбие» атты шара ұйымдастырылды.
12.10.2013
- 1-ші Ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің Республикалық форумында өткізілген «Ерлік - ұрпаққа мұра » атты кітап көрмесінің ХАБАРЛАМАСЫ

11 қазан күні сағат 11-00-де осы шараның шеңберінде «Нур Отан» облыстық бөлімінің ғимаратында форум қонақтары мен қатысушыларына С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының кітапханашылары «Ерлік - ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
12.10.2013
- «Тахауидың тағлымы» әдеби кеші

10 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Оқитын өлке» акциясы аясында Т.Ахтановтың 90 жылдығына орай «Тахауидың тағлымы» әдеби кеші өтті.
11.10.2013
- «Мейірімділік шуағы» шапағат күні

10 қазан Мүгедектер күні «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық бірлестігінде кішкентай оқырмандарға арнап «Мейірімділік шуағы» шапағат күні өткізіледі.
Ерекше оқырмандар назарына «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі, «Мейірімділік – жақсы қасиет» слайд ұсынылды.
11.10.2013
- Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына орай «Гендерлік теңдіктің қалыптасуы» атты өткізілген дөңгелек үстелдің ХАБАРЛАМАСЫ

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап–ғылыми кітапханасы 2013 жылдың 10 қазанында «Гендерлік теңдіктің қалыптасуы» атты дөңгелек үстел өтті..
10.10.2013
- Қырғызстанның және Қазақстанның Халық жазушысы, Лениндік сыйлықтың иегері Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай өткізілген «Әлемдік әдеби ағыстағы ғаламат суреткер» атты ауызша журналдың Хабарламасы

9 қазан күні сағат 15-00-де облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Қырғызстанның және Қазақстанның Халық жазушысы, Лениндік сыйлықтың иегері Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай «Әлемдік әдеби ағыстағы ғаламат суреткер» атты ауызша журнал ұйымдастырды.
09.10.2013
- Мәртөк ауданындағы «Мейіріміңді маған сыйла» атты қайырымдылық акциясы

«Мейіріміңді маған сыйла» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аудандық кітапханалық акция 2013жылы қазан айының 8-ші жұлдызында Мәртөк аудандық балалар кітапханасында өткізілді.
08.10.2013
- Ә. Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі өткізген мәдени шаралары жөнінде МӘЛІМЕТ

2013 ж. 4 қазанында Ә. Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен «Жауынгерлік бауырластық» облыстық қоғамдық іздестіру бірлестігімен бірігіп, облыстың іздестіру бірлестігінің 25-жылдық қызметіне арналған «Мәңгілік естелік» атты мерекелік кеш өткізді.
07.10.2013
- ІІІ Халықаралық «Ассалаумагалейкүм» қуыршақ театрлары фестивалі туралы ақпарат

Бала жанын адамгершілік, мейірімділік, ізгілік шуағына бөлейтін, жарқын болашаққа жетектейтін өнер ордасы – ҚР Тұңғыш Президенті қоры, I республикалық фестивальдердің лауреаты, бірнеше мәрте халықаралық РФ (Москва «Золотая маска», ЦДРИ « Театр XXI век», «Чаепитие в Мытищах, Орынбор «Оренбургский арбузник» Пермь «Большой Урал - Приволжье», Рязань «Рязанские смотрины-2005, Татарстан «Рабочая лошадка», «Науруз», Хакасия «Чир Чайаан»), Болгария, Грекия, Түркия, Тәжікстан, Сербия фестивальдерінің дипломанты – Облыстық «Алақай» қуыршақ театры.
07.10.2013
- «Ұлттық киім – эстетикалық тәрбие құралы» атты тақырыптық кештің Х А БА Р Л А М А С Ы

4 қазанда С.Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ халқының ұлттық киімдеріне арналған «Ұлттық киім – эстетикалық тәрбие құралы» атты тақырыптық кеш өтті.

Беттер