Жаңалықтар

12.10.2017
«Ағылшын тілі – әлемдік ақпарат тілі» атты семинар-тренинг

11 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан ашылған Ақтөбедегі Америка бұрышында «Ағылшын тілі – әлемдік ақпарат тілі» атты семинар-тренинг өтті.
12.10.2017
«Танысыңыз: жаңа кітап!» көрме – панорамасы

2017 жылдың 11 қазаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Танысыңыз: жаңа кітап!» атты көрме-панорама өтті.
11.10.2017
«Рухани жаңғыру» - Ұлт мақтанышы

2017 жылғы 11 қазан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыстық халық шығармашылығы үйінің ұжымы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры Ж.Мұхамбетпаизовамен кездесті.
10.10.2017
«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты поэзия кеші өтті

9 қазанда С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім - инновация» лицей-интернатында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» атты поэзия сағатын өткізді.
09.10.2017
«Туған жерім – нұрлы елім» Ақтөбедегі Алға ауданының күндері

7 қазан күні «Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбе қаласында Алға ауданының күндері өтті.
09.10.2017
Драма театрында «Дураки» атты жаңа қойылым өткізілді

7 қазан күні Т.Ахтанов атындағы драма театрының орыс труппасы жаңа «Дураки» атты қойылымымен 53-ші театралдық сезонды ашты.
09.10.2017
«Өнерім-өмірім» атты кездесу

5 қазанда С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері М.Байғаниннің 80 жасқа толуына арналған «ӨНЕРІМ-ӨМІРІМ» атты кездесу кеші өткізілді.
06.10.2017
«Ерлікке ұласқан ғұмыр»

6 қазанда «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 95 жыл толуына орай «Ерлікке ұласқан ғұмыр» атты тарихи танымдық шара өтті.
06.10.2017
Құрақ құраудан шеберлік сағаты өтті

5 қазан күні «Руханият» Ақтөбе облыстық музейінің экспозициялық залында «Еңбек күніне» арналған «Шебер Арт» клубының қатысушысы Шакеева Ақмаралдың құрақ құраудан «Еңбек түбі – береке» атты шеберлік сағаты өтті.
05.10.2017
«Талантымен танылған ақын»

4 қазан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында республикаға белгілі айтыскер ақын, көптеген танымал әндердің авторы, сазгер - Шынберген Сүлейменовпен «Талантымен танылған ақын» атты әдеби – сазды кездесу кеші өтті.
05.10.2017
7 қазанда Ақтөбеде Алға ауданының күндері өтеді

«Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында 7 қазан күні Ақтөбеде Алға ауданының күндері өтеді.
05.10.2017
Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті

4 қазан күні облыстық халық шығармашылығы үйінің ұжымы облыстық қарттар мен мүгедектер интернат-үйінің тұрғындарына арнайы «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
05.10.2017
Қазақстан Президенті «Жұбановтар әлемі» орталығына барды

4 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Жұбановтар әлемі» атты жаңа орталықты аралап көрді. Орталық атақты Жұбановтар әулетінің көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын дәріптеу, сондай-ақ дарынды балаларды оқыту мақсатымен салынды, деп хабарлайды Akorda.kz.
05.10.2017
Мемлекет басшысы Шығармашылық академиясына барды

Елбасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту бағдарламасы арқылы салынған Шығармашылық академиясына барды.
05.10.2017
Н.Назарбаев Ақтөбе өнер орталығына барды

4 қазан күні мемлекет басшысы Н.Назарбаев «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының қаржысына салынған жаңа Өнер орталығын аралап көрді.

Беттер