Жаңалықтар

19.02.2018
Клуб қызметкерлері біліктілігін арттыру курсынан өтті

Бүгінгі уақыт талабы мәдениет саласындағы клуб қызметкерлерінің білімін үздіксіз жетілдіруді міндеттейді.
2018 жылғы 12-18 ақпан аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау Орталығы «Мәдени-тынығу қызметі әдістемесін ұйымдастырудың қазіргі заманауи мәселелері» тақырыбы бойынша клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын өткізді.
16.02.2018
Әлімбай Ізбайды еске алу кеші

15 ақпан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында белгілі журналист, сатирик Әлімбай Ізбайдың туғанына 60 жыл толуына орай «Әзіл сөздің әкімі еді» атты еске алу кеші өткізілді.
16.02.2018
Архивте құжаттық көрме ұйымдастырылды

2018 жылдың 16 ақпанында облыстық архивте Ақтөбе облыстық архивінің құрылуының 95 жылдық тарихына арналған «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивіне - 95 жыл» тақырыбында құжаттық көрме ұйымдастырылды.
16.02.2018
Шәкәрімнің 160 жылдығына арналған онлайн конференция

2018 жылғы 15 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Атырау облыстық балалар кітапханасымен бірлесе ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра» атты онлайн-конференция өткізді.
15.02.2018
Студент қыз балалар арасында «Мерген ару-2018» сайысы өтті

14 ақпан күні Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде Ұлы Отан Соғысының Батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында «МЕРГЕН АРУ – 2018» сайысы өтті.
15.02.2018
«Ел іші - өнер кеніші" фестивалінің аудандық туры

2018 жылғы 14 ақпан күні Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде "Ел іші - өнер кеніші" фестивалінің іріктеу туры өтті. Шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Мұғалжар аудандық мәдениет Үйі ұйымдастырды.
15.02.2018
Монографияның тұсаукесері

14 ақпан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында психология ғылымдарының кандидаты, доцент Қарабалина Ақсауле Әліпқалиқызының «Психологические аспекты формирования позитивного имиджа государственных деятелей – политиков РК» атты профессор Калюжный Анатолий Афанасьевичтің жарқын бейнесіне арналған монографияның тұсаукесері өтті.
15.02.2018
Басты мақсат- жемқорлықтың алдын алу

2018 жылдың 14 ақпаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №47 жалпы білім беретін орта мектебінде «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кітапханалық десант өткізді.
14.02.2018
Н. Гогольдің «Ревизор» комедиясы сахналанды

10-14 ақпан күндері Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында режиссер Ж.Жұманбайдың қоюымен Н.Гогольдің «Ревизор» (аударған М.Әуезов) комедиясы сахналануда.
13.02.2018
Суретші Самарбаева шеберлік класын өткізді

12 ақпан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өнер әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен «Су бетіне салынған сурет» тақырыбында «Эбру» шығыс өнері бойынша шеберлік класы өтті.
12.02.2018
Зерттеуші Майкл Сагатис архивте болды

Ақтөбе қаласына Ұлыбританиядан 1940 жылы Батыс Беларуссиядан департацияланған әжесі жөнінде мәлімет алу үшін Майкл Сагатис келді. 39 жастағы зерттеуші 1941 жылы депортацияланған поляктардың тарихы туралы материалдар жинақтауда.
12.02.2018
Жастармен бірге Жолдауды талқылады

2018 жылғы 12 ақпан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөпірімдер кітапханасының қызметкерлері Ақтөбе сервис колледжінде ұйымдастырылған «2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктер" атты дөңгелек үстелге "Ақтөбе облысы әкімдігінің аппараты ММ" Қоғамдық келісім" КММ-нің мамандарымен бірге қатысты.
12.02.2018
Тарихи тұлғалар құрметіне дебат турнирі өтті

9-11 ақпан күндері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық мемлекеттік университетімен бірлесе «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алаштың ардақты тұлғаларына арналған ауқымды шара өткізді.
09.02.2018
Мұқағали ақынға арналды

9 ақпан - ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақынның шығармашылығына арналған мәдени шаралар ұйымдастырды.
09.02.2018
«Алақай Ғаламшары» ашылды

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Алақай» қуыршақ театрының суретшісі Ә.Құрманалинаның «Алақай Ғаламшары» атты эскиздер, қуыршақтар, костюмдер және декорациялар көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.

Беттер