Жаңалықтар

19.10.2017
"Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарымен кездесу

18 қазан күні Кеңес Одағының Батыры Ə.Молдағұлованың мемориалды музейінде Елбасының республикалық "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары - Қали Исмаиловтардың отбасымен кездесу кеші өткізілді.
19.10.2017
«Шын жүректен» қайырымдылық концерті

2017 жылғы 18 қазан күні облыстық халық шығармашылығы Үйінің шығармашылық ұжымдары Алға балалар үйінде «Шын жүректен» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
18.10.2017
«Алақай» қуыршақ театрының гастрольдік іс-сапарлары

«Ауылым – алтын бесігім» акциясы аясында Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры облыстың аудандары мен ауылдарына гастрольдік іс-сапарларын жалғастыруда.
18.10.2017
«Әуелейді Шәмші әні» атты облыстық ретро әндер байқауы

2017 жылғы 18 қазан күні көрнекті композитор, ән жанрының әйгілі майталманы, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Әуелейді Шәмші әні» атты облыстық ретро әндер байқауы өтті.
17.10.2017
«Дін-тәрбие бастауы» атты діни-танымдық кеші өтті

17 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Рухани келісім күніне орай «Рауан» көпсалалы колледжінде «Дін-тәрбие бастауы» атты діни-танымдық кеш өткізді.
17.10.2017
Ө.Тнәлинің шығармашылығына арналған конференция өтті

16 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Алға аудандық кітапханасы бірлесіп ақын Өтеубай Тнәлинге арналған «Өтеубай Тнәлиннің жырлары, шешендік сөздері әдеби мұра, тарихи жәдігер» атты тарихи – танымдық конференция өткізді.
17.10.2017
Журнал мерейтойына арналған көрме

Биыл «Отбасы және денсаулық» - республикалық ғылыми – көпшілік отбасылық журналына - 15 жыл. Осыған орай С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімшесі «Отбасы және деңсаулық» - 15 жыл» тақырыбымен апталық көрме ұйымдастырды.
16.10.2017
Кітапханадағы тақырыптық сағат

12 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №34 мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты тақырыптық сағат өткізді.
13.10.2017
Азаттық жаршысы, Алаш ардақтысы - Әлихан Бөкейхан

12 қазан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Алашорда» партиясының 100 жылдығына орай «Азаттық жаршысы, Алаш ардақтысы - Әлихан Бөкейхан» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.
13.10.2017
Музейдегі танымдық шара

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Ақтөбе облысының 85 жылдығына орай Едіге Құтлу Набанұлының (1357-1420 ж.ж) 660 жылдығына арналған «Ел қамын жеген Ер Едіге» атты тарихи-танымдық шара өтті.
13.10.2017
Онлайн-режимдегі конференция

2017 жылғы 13 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен онлайн-режимде «Мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында конференция өтті.
13.10.2017
Өзекті мәселелер талқыланды

13 қазан күні облыстық өнер музейінде «Жемқорлық індет, жою міндет», «Шығармашылық қызметтің нәтижесі - авторлық құқық» атты дөңгелек үстел өткізілді.
13.10.2017
«Рухани бірлікке бастар жол»

12 қазанда С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесіп, Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі - 18 қазан – Халықаралық рухани келісім күні қарсаңында «Рухани бірлікке бастар жол» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
13.10.2017
Рухани келісім күніне арналған «дөңгелек үстел»

2017 жылғы 12 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Рухани келісім күніне орай «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі» атты дөңгелек үстелі өтті.
12.10.2017
Қазақ труппасының 26-маусымы ашылды

Ағымдағы 2017 жылдың 12 қазаны күні облыстық драма театрдың қазақ труппасы өзінің 26 маусымын Дулат Исабековтың «Ескерткіш операциясы» комедиясымен ашты. Спектакль астаналық режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбектің қоюымен бірнеше жыл бұрын шығарылған болатын. Бұл жолы спектакль театрдың актриса-режиссері Д.Құсайынованың қайтадан өңдеуімен шығарылып отыр.

Беттер